Войти через

  • 00:41:28
  • 19°C

Понедельник, 22 июля$ 384.87  € 432.52  ₽ 6.11

Курсанттар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының (РжБӘИИ) курсанттары ҰОС ардагерлері Владимир Андреев, Мұрат Сәрсембин, Егор Долидуда мен Елизавета Филатованы Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бұл Жеңіс күніндегі институттың жеке құрамы мен курсанттарының дәстүрлі құттықтауы.
Ардагерлер сұрапыл соғыс кезінде бастан кешкендерінен сыр шертті.

ҰОС ардагерлерінің бірі Владимир Андреев әскер қатарына 1942 жылы 17 жасында қабылданған. Ол Белорусь майданында артиллериялық әскер түрінің құрамында болып, көптеген жауынгерлік қақтығыстарға қатысқан. Ерекше ерлігі мен батылдығы үшін әртүрлі орден-медальдармен марапатталған.
“Әскери дәрігерлердің өлімі атқыштардан кейін екінші орында болған, - дейді қанқилы соғыс кезінде мейірбике болған кіші сержант Елизавета Филатова. – Біздің міндет – соғыс алаңында қалған жаралыларды шығару, оларды медициналық пункттерге жеткізіп, дәрігерлік кқмек көрсету, содан кейін госпитальге немесе тылдағы арнайы мекемелерге жеткізу болды, - деп сол күнді есіне алды соғыс ардагері”.

Тарихи мәліметтерге жүгінсек, Ұлы Отан соғысы кезінде 200 мыңнан астам дәрігерлер мен 500 мыңнан астам фельдшер, мейірбикелер, санитарлар майдан даласында опат болған.
“Біз үшін ардагерлер ерлік пен батылдықтың үлгісі. Уақыт зымырап өтіп барады, олар үшін қолдан келер жақсылығымыз – олардың ерлікке толы ғұмырын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болмақ”, - деп атап өтті әскери институттың курсанттары.
Фото: РжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать