Войти через

  • 12:39:40
  • 21°C

Воскресенье, 20 сентября

Бейсен Құранбектің анасы дүние салды

TINFO
TINFO
Служба новостей

73 жасқа қараған шағында Бейсен Құранбектің анасы Ямали қайтыс болды, деп хабарлайды Tinfo.kz. 

Бұл туралы бейсенбі, 25 маусым күні белгілі журналист, «Жетісу» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Есболат Айдабосын Fаcebook парақшасында жазды.


«Бүгін өмірге Бейсендей ұлды әкеліп, бірақ ененің қас-қабағына қарап, көңіліне кірбің түсірмейін деген оймен "балам" деп емірене алмай кеткен Ямалиға (Зияш) анамыз 73 жасында бақилыққа аттаныпты. Ертеңгі күн Бейсағаңның қырқына қамданып отырғанбыз. Сағат 12.00 ге құдайы тамақ берілетін де еді. Амал не, қайғы үстіне қайғы жамалды. Иманы жолдас болсын!», - деп жазды ол.

«Хабар» телеарнасының Алматы облысындағы тілшісі Шыңғыс Қалиден де әлеуметтік желіде Құранбек әулетіне көңіл айтты.

«Бейсен ағаның қырқына дайындалып жатқанда анасы қайтыс болыпты. Аға "Айтуға оңай" бағдарламасын жүргізу үшін таңмен таласа Талдықорғаннан Алматыға жолға шығатын еді. Сол кездерде анасы тапа нан беріп жіберетін еді. Бейсен аға оны ұжымға әкеп беретін. Жұп жұмсақ исі аңқып тұратын наннан талай ауыз тиіп едік. Иманды болсын. Құранбек әулетіне сабыр берсін», - деп жазды журналист.

Еске салсақ, осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен белгілі журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды. Ол 2014 жылдан бастап облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылдан бері «Қазақстан» телеарнасында «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

Это может Вас заинтересовать