Войти через

  • 11:44:00
  • 29°C

Среда, 24 июля$ 384.06  € 429.19  ₽ 6.08

Парапланнан «Қабанбай батыр Кубогы» өтеді

Парапланнан «Қабанбай батыр Кубогы» өтеді

21.06.19

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

22-30 маусым аралығында Алматы облысының  Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл жайлы өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.  Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретеді. Артынша Қабанбай батырға арналған Қазақстан кубогы ұйымдастырылмақ. Парапланшылар бәсекесін әлем кезегі қорытындылайды. Экстремалдық спорттық додаға дүниежүзінің 24 елінен 124 адам қатысады деп жоспарланған. Бұл тізімде 10-нан аса әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстандықтар өз жарыс алаңында және жанкүйерлер алдында аянып қалмайды дейді мамандар.

Ұйымдастырушылардың пікірінше мұндағы басты мақсат парапландық спортты өткізу арқылы елдегі туризмді дамыту.

Әзірге әлем кубогында жерлестеріміздің үздік көрсеткіші 8 орын болып отыр. Қазақстандағы жарыста жергілікті саңлақтардың жүлдегер болуына толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар спортшыларымыз үшін бұл сайыс қыркүйек айында Сервияда ұйымдастырылатын әлем чемпионатына дайындық деуге болады, - деді облыстық экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки.
Фото: Интернет.

 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать