Войти через

  • 06:50:23
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

Сарыөзекте өнер мектебі ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Кербұлақ ауданында алғашқы өнер мектебі ашылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

20 был бойы бос тұрған ғимаратқа 14 миллион 366 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа беріліп отыр. Бұрын музыка мектебі болған болса, қазір аудан оқушыларының бойындағы дарындылықтарын ұштау, бос уақытың тиімді пайдалану, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Балдаурен» балалар шығармашылық орталығы алғашқы шәкірттерін қабылдайды.

130 орындық өнер мектебінде қобыз, домбыра, теннис, күрес, шахмат, ән мен би, сынды бірнеше үйірмелер бар. Аталған нысан 24 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтымақ. Аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы жаңа өнер ордасының лентасын қиып, өнер мектебінің табалдырығын аттағалы отырған шәкіртерге табыс тіледі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать