Войти через

  • 09:15:44
  • -2°C

Суббота, 29 февраля$ 381.1  € 420.81  ₽ 5.65

Алматы облысының соттарына түскен арыздар саны 20% азайған

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өткен жылы Алматы облысының соттарына 47 809 азаматтық іс пен арыз келіп түскен. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 8953-ке немесе 20%-ға азайған, деп хабарлайды TINFO.KZ облыс сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл өткен жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған жаңа нормалардың енгізілуімен айқындалады. Мысалға, бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібіндегі 18 талаптың 9-ы нотариатқа берілді. 12 жеңілдетілген іс жүргізу санатының 10-ы бұйрықтық іс жүргізуге берілді. Осылайша заңнамаға енгізілген өзгерістер істердің біршама азаюына ықпал еткені байқалады», - деп атап өтті Алматы облыстық сотының баспа сөз қызметі бөлімінің басшысы Самат Авганов.

Өткен жылдың 12 айында облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарына 24 150 әкімшілік іс (2018 жылы- 21255 іс), оның ішінде мәні бойынша 23 788 іс қаралған. 23 799 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

Добавить комментарий

Что вы думаете?