Войти через

  • 14:48:10
  • 31°C

Суббота, 08 августа

2020 жылы Алматы облысында қандай мерейтойлар атап өтіледі?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Биыл Алматы облысында кең көлемде бірқатар мерейтойлар атап өтіледі, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Бұл туралы Jetisy Media ақпараттық алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев хабарлады.


«Биылғы жылы Абай Құнанбаевтың 175, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150, Орақты батырдың 600, Шоқан Уәлихановтың 185, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туғанына  80 жыл мерейтойы тойланса, Ұлы Жеңіске 75 жыл толуын ел болып атап өтпек. Ұлы Отан соғысына арналып салынған ескерткіштер жөндеуден өтіп, кітаптар шығарылады. Ұлы тұлғаларға арналған танымдық кештер, халықтық театрлар фестивалі жыл бойы жалғасады», - дейді Мәрлен Көлбаев.

Сонымен қатар, Талдықорғанда Абайдың ескерткіші ашылады. Ақпан, наурыз айларынның аралығында республика бойынша ақындар арасында һәкім Абайға арналған өлеңдерден байқау ұйымдастырылмақ.

«Абай мен Әл-Фарабиге қатысты облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында тұғырлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты ақпан мен сәуір айларында  сахналық қойылым көрерменге жол тартады», - деп атап өтті басқарма басшысы.

2019 жылы өңірдің мәдениет саласында 50 мыңнан аса түрлі мәдени шаралар өткізілген.

Это может Вас заинтересовать