Войти через

  • 06:09:36
  • 10°C

Вторник, 15 октября$ 389.62  € 429.98  ₽ 6.06

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Райымбек ауданының жұртшылығымен кездесті

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Райымбек ауданының жұртшылығымен кездесті

11.07.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов жұмыс іс-сапары аясында Райымбек ауданында болды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Сапары аясында Сарыжаз және Қарасаз ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұқағали Мақатаев атындағы музейді аралап, өнерлі балалармен тілдесті. Ары қарай депутат Қайнар, Текес ауылдық округтерін аялдады.

«Текес ауылында 2018 алынған 21 трактор-агрегаттарымен танысып, шаруаларға сәттілік тіледі. Іс-сапар соңында аудан орталығы Нарынқол ауылында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мекемелерді аралап, аудандық мәдениет үйінде актив жиналысын өткізді. 21 жылдан кейін қайта түлеген ауданның қазіргі хал жағдайын көріп риза болып, атқарылып жатқан жұмыстарға көңілінің толатындығын жеткізді», - деп жазды аудан әкімі Жолан Омаров Facebook жеке парақшасында.

Аталмыш кездесулерге сонымен бірге "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы Ермек Келемсейіт, "Білім және ғылым мекемелері мен кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының" төрағасы Тоққожа Естенов те қатысты.

Фото: Жолан Омаровтың  Facebook жеке парақшасы.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать