Войти через

  • 07:48:11
  • 22°C

Пятница, 14 августа

Амандық Баталов: Карантин сауапты амалдар жасауға кедергі бола алмайды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Жетісу жұртын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні әкімдік сайтында жарияланған, деп хабарлайды Tinfo.kz.

“Құрметті жетісулықтар! Баршаңызды әлем  мұсылмандарының  аса  ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Құрбан айт - бейбітшілік пен бірлік, мейірімділік пен бауырластық сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын, жүректерге ізгілік ұялататын жарқын мерекелердің бірі.

Бүгінгі күні Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өмірінде, қоғамның ауызбіршілігін бекемдеуде маңызды оқиғаға айналды. Мейрам күндері көпшілік Құрбан шалып, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау танытып, ізгі амалдар жасауға асығады.  

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы карантин жағдайында өткізіліп отыр. Алайда бұл сауапты амалдар мен игі шаралар жасауға кедергі бола алмайды. Қайта осындай кезеңде адамдардың қайырымдылық жасауға деген құлшынысы арта түспек.

Қадірменді қауым! Ниеттеріңіз бен шалар құрбандарыңыз қабыл болсын. Мемлекеттің салиқалы саясаты мен тұрғындарымыздың бекем бірлігі мен өзара ынтымағының арқасында еліміз індеттен аман-есен шығады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр отбасына қуаныш пен жақсылық тілеймін. Құрбан айт құтты болсын!”, - делінген құттықтауда.

Это может Вас заинтересовать