Войти через

  • 05:43:41
  • 14°C

Среда, 21 августа$ 386.91  € 428.81  ₽ 5.79

«Крис П» құрылғысының жолда орнатылуы заңды ма?

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Алматы облысының полиция департаменті «Крис П» жылжымалы фото-радарлық кешенінің жұмысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Хабарлама департаменттің Facebook парақшасында жарияланған.

«Крис П» жылжымалы фото-радарлық кешені реттеп қою жоспарына сәйкес әртүрлі құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында қойылған. Ең алдымен, автожолдың сол учаскесіндегі жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға бағытталған. Құрылғының тиісті құжаттары, яғни сертификаттары бар. Жыл мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, жолдағы тайғақтық пен көлік жылдамдығының кесірінен орын алатын жол апаттарының алдын алу мақсатында облыстағы автожолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Тәртіп бұзған жүргізушілерді анықтау үшін «Крис П» жылжымалы фото-радарлық кешені қолданылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бейнебақылау жүргізу туралы арнайы белгі тек тұрақты орнатылған бейнебақылау камераларына талап етіледі.

Фото: Интернет.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать