Войти через

  • 14:45:15
  • 22°C

Воскресенье, 20 сентября

Парижде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.


Министр сөзінде Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында елде және шетелде оның еңбектері әлемнің 8 шет тіліне аударылып, басылып шығарылатынын атап өтті.

«Прагада Абайдың мәдени-ақпараттық орталығы ашылды. Братислава, Будапешт, Берлин қалаларында «Абай оқулары», көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Мерейтойдың негізгі шараларын қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспарланып отыр. Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен бірге ведомство басшысы Абайдың 175 жылдығын атап өтуде ысырапшылдыққа жол берілмейтінін айтты.

«Осы жылы біз халқымыздың көрнекті ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтудеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. 21 қаңтарда «Астана Опера» театрында Ұлы Абайдың мерейтойын ресми түрде ашу рәсімі өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ең басты мақсат – той тойлау емес, ой толғау, ой өрісімізді кеңейту екеніне зор мән беріп отырғанын білесіздер. Бекітілген жалпы республикалық жоспардың барлық іс-шаралары идеологиялық және ағартушылық жүктемені көтереді», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде.

Министр Мемлекет басшысы атап өткендей, мерейтойдың күн тәртібі тұжырымдамалық тұрғыдан елде және шетелде Абай тұлғасының жаһандық ауқымын кеңінен танымал етуге арналған идеологиялық-мазмұнды және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделетінін айтып өтті.

«Бұл ретте биыл атап өтілетін маңызды іс-шаралар барысында ысырапшылдық пен науқаншылдыққа жол берілмейтіндігіне баса назар аударғым келеді. Бүгінгі күні Абайдың мұражай-үйінде, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығын толыққанды ғылыми-зерттеу орталығы етіп қайта құру тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы 18 нысанда жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Это может Вас заинтересовать