Войти через

  • 12:22:15
  • 26°C

Вторник, 20 августа$ 386.8  € 429.27  ₽ 5.78

Ескелді ауданында сүт фермасы іске қосылады

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Ескелді ауданының Көкжазық елді мекеніндегі ірі сүт фирмасының құрылыс жұмыстарына мемлекет тарапынан 1 миллиард теңге инвестиция құйылды. Аталмыш, заманауи ферма өз жұмысын ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастамақ, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылысы өткен жылдың тамыз айынан басталған сүт фермасы, бірінші кезеңде 270-ке жуық ірі қара, кейін оның санын 1200-ден асыруды жоспарлап отыр.

Ескелді ауданының әкімі Бағлан Тәнекеновтың айтуынша, сүт фермасы ауданның ғана емес республиканың экономикалық драйверіне оң ықпалын тигізбек.

"Заманауи тұрғыда салынып жатқан ферма осы жылы іске қосылып, ауыл тұрғындарына 28 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Ірі қара санын біртіндеп арттыруды мақсат еткен зауыт, жылына 2 миллион тонна сүт шығаратын болады", – дейді аудан әкімі.

Айта кету керек, жалпы облыста қазіргі уақытта 70 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылы тағы да 7 жоба іске қосылады. 2022 жылға дейін 5 мың сиырға арналған 14 сүт-тауар фермасы құрылып, аймақ 100 пайызға сүтпен қамтамасыз етілмек.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать