Войти через

  • 06:40:05
  • 2°C

Пятница, 18 октября$ 389.94  € 433.5  ₽ 6.1

Алматы облысында тарифтер өзгертілді

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Өңірде 1 қаңтардан бастап бірқтара коммуналдық тарифтердің құны төмендетілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бұл үшін 1,7 млрд теңге көлемінде уақытша өтемақылық тарифтер орнатылады.

Мәселен, электр қуаты үшін бұрынғы тариф 16,39 болса, ол 10,4%-ға дейін төмендетіліп, 14,68 теңгені құраған.

Сонымен бірге, қоқыс шығару қызметінің тарифі 154 теңгеден 135 теңгеге дейін, яғни 12,3% - ға, жедел саты қызметінің тарифі 15,3 теңгеден 13,5 теңгеге дейін, яғни 15,9% - ға төмендейді. Ал, Қапшағай қаласында жылу үшін алынатын төлемақы тарифі 19,4%- ға, ыстық су 23,9 %-ға, сонымен қатар, Талдықорғанда жылу үшін алынатын төлемақы тарифі 9,3 %-ға, ыстық су үшін 10 %-ға дейін төмендемек.

Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Айжан Сәрсембайқызының айтуынша, мұндай жұмыстар әлі де жүргізілетін болады.

«Негізінен облыста 135 монополиялық субьектілер бар. Әзірше оның 57 –сі ғана уақытша өтемақылық тарифтер қойып отыр. Алдағы уақытта мұндай тексеру жұмыстары белсенді түрде жалғасатын болады», - дейді ол.

Бұдан бөлек, өңірде Қаражыра және Шұбаркөл кендерінен көмір сатушылармен меморандумға қол қойылған. Оның нәтижесінде «Қаражыр» көмір өндіруші өз бағасын 6%-ға, яғни 13 500-ден 12 700 теңгеге дейін, ал «Шұбаркөл» көмірі 7%-ға, 13 400-ден 11 700 теңгеге дейін арзандаған.

Айта кету керек, 2019 жылы өңірдегі 50-ден аса су қоймаларына тексерістер жүргізіліп, және олардың тарифтерін төмендету жоспарланған.

Фото: Интернет.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать