Войти через

  • 17:07:24
  • 14°C

Суббота, 26 сентября

Абай өлеңдеріне арналған онлайн концерт өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

10 тамыз Абай күніне орай «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ақын өлеңдерінің онлайн кеші өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілері мен жас ақындары хәкім Абайдың өлеңдерін әуендетіп, өз арнауларын айтты. Олардың қатарында Абылай Қожақов, Жания Спанова, Тоқтарбек Заманбеков, Арайлым Ермекқызы, Марал Сеитова, Мадина Турдахун.


Онлайн концерт «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының «Фейсбук» және «Инстаграм» әлеуметтік әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында көрсетілді.

Еске салсақ, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойды.

Это может Вас заинтересовать