Войти через

  • 08:17:35
  • 14°C

Вторник, 20 августа$ 386.8  € 429.27  ₽ 5.78

Шекарашылар эстафетасы Текеліге жетті

Шекарашылар эстафетасы Текеліге жетті

09.08.19

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Биыл ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне 27 жыл.  Осы орайда Текелі қалалық мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылған іс-шарада  эстафета мүсіншесі Жаркент шекара отрядының 2091-әскери бөлімінен Текеліге салтанатты түрде жеткізілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаркенттік шекарашы аттылар кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріне құрмет көрсетіп, ту ұстап, эстафета нышанын табыстады.

««Шығыс» өңірлік басқарма басшысы Жәнібек Төлебаевтың бастамасымен алғашқы рет осындай атты эстафета өткізіліп отыр. Эстафета құрамында "Шекара жүректері" аспапты-әскери ансамблі, әйелдер кеңесі және әскери медициналық қызметтен де қатысушылар бар. Шекараны тек әскери қызметтегілер ғана емес, халық та бірге күзетіп, бірге қорғайды емес пе? Сол себепті де бұл шараның негізгі мақсаты - халық пен шекара қызметінің байланысын күшейту. Сондай-ақ, жастарға осы бір ер азаматтарымызды үлгі, өнеге ретінде көрсету, сол арқылы олардың бойында патриоттық сезімді ояту болып табылады», - деп атап өтті ұйымдастырушылардың бірі Лаура Батырханова.

Шара барысында Текелі қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Мәдениет үйінің алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, әскерилер оркестері және қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, түрлі аспаптарда өз өнерлерін көрсетті.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать