Войти через

  • 10:38:30
  • 12°C

Понедельник, 14 октября$ 389.52  € 429.21  ₽ 6.07

Үш жылда Көліктік бақылау инспекцияның 9 қызметкері сотталған

Үш жылда Көліктік бақылау инспекцияның 9 қызметкері сотталған

13.06.19

Скандал
TINFO
TINFO
Служба новостей
Соңғы үш жылда облыстық көліктік бақылау  инспекцияның 9 қызметкері сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті «Жетісу- адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында көлік құралдарының техникалық байқау саласында  және ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.
Алматы облысының ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында жүргізілген мониторинг көрсеткендей, бүгінгі таңда көліктік бақылау жүйесіндегі аталған сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім.
Бұл саладағы негізгі мәселе - адами фактор, яғни «тікелей байланыстың» болуы. Сондықтан ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында сыбайлас жемқорлық әрекеттері туындайды.

«Мониторинг аясында «Жетісу - адалдық алаңы»жобалық кеңсесімен Алматы облысы аумағында жүк тасымалын жүзеге асыратын компаниялардың иелері арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың қорытындысы көрсеткендей, сұралғандардың 72% - дан астамы ірі габаритті көлік құралдарын салмақтық бақылаудың қазіргі рәсімі сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім деп санайды. Респонденттердің 65% -ы  салмағы ауыр көлік құралының рұқсат етілген шекті нормаларынан асып кеткен жағдайларда мәселені сол уақытта шешкендерін атап өтті.  Сонымен қатар, сұралғандардың 54% - дан астамы мұндай жағдайлардын болуы жүйелі сипатқа ие екенін мәлімдеген. Дегенмен, аталған саладағы мәселелер тек сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ғана емес, сонымен қатар көлік жолдарының жай-күйіне де әсер етеді»,-деді облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Сапарбек Тұрдалин.

Халықаралық және Қазақстандық жол-зерттеу институтының зерттеулеріне сәйкес, бір жүк көлігінің жол берілетін осьтік жүктемеден 3 тоннадан асуы  - 23 жүк көлігінің жол жүруінің қиратушы әсеріне теңестіріледі.
Қазіргі уақытта Алматы облысының көлік жүйесінің дамыумен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығынан келе жатқан көптеген ірі габаритті және салмағы ауыр көлік құралдары өтуде. Олардың арасында рұқсат етілген шекті мөлшерге жол беретін жосықсыз тасымалдаушылар да бар.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
 
 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать