Войти через

  • 14:51:25
  • 10°C

Четверг, 14 ноября$ 389.34  € 428.78  ₽ 6.05

«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабы құрылды

«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабы құрылды

06.05.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
ҚР Президентіне кандидаттың Алматы облыстық сайлауалды штабы құрылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық штаб өз жұмысын 11 мамырда ресми түрде бастайды.

Облыстық сайлауалды штабының мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенттігіне Кандидаттың сайлауалды кампаниясын және аймақтық, аумақтық сайлауалды штабтары жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау болып табылады. Штаб басшысы болып облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев тағайындалды.

«Алматы облысы бойынша 334 сайлау округі, 1040 сайлау учаскелері жұмыс жасайды. 20 аудандық, қалалық, 1 облыстық штабта 396 адам жұмыс істейді, оның ішінде 114 адам – жастар тобында», - дейді Ғалиасқар Төлендіұлы. 

23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 623 делегат қатысты. Съездкезінде президенттікке үміткер ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды.

Фото: «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать