Войти через

  • 16:47:07
  • 14°C

Суббота, 26 сентября

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшылығы Қарасай ауданында мониторинг жүргізді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Департаментпен                                  «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында әр түрлі әлеуметтік тақырыптар бойынша күнделікті тікелей эфирлер өткізіледі, сонымен қатар, қоғам өкілдерімен, Департамент жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелерімен, сондай-ақ "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлерімен дәрілік заттармен қамтамасыз ету және дәрі-дәрмектерге бағаны көтеру фактілерін анықтау бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізілуде.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен мемлекеттік органдар «Сервистік әкімдік» форматындағы ашық жұмыс моделіне көшуде. Бұл жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен айтылған тұжырымдаманы іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, Департамент Алматы облысының аудандары мен қалаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 07 тамызында Департамент басшысы Ернар Мақажанов және Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев "Сервистік әкімдік" жобасын іске асыру барысын мониторингілеу мақсатында, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін одан әрі дамыту, аудандарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың болуына ықпал ететін  жағдайларды анықтау мақсатында Алматы облысының Қарасай ауданына іс-сапармен келді.

Іс-сапар аясында Департамент басшысы Ернар Мақажанов ZOOM арқылы азаматтарды қабылдау өткізді. Сондай-ақ, Қарасай ауданының ауруханаларына гуманитарлық көмектің түсуіне және дәріханаларда дәрі-дәрмектерге бағаны көтеру фактілерін анықтау бойынша тиісті мониторинг жүргізді.

Сонымен қатар, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің басшысы Ернар Мақажанов Қарасай ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданып жатқан іс-шаралармен таныстырылды.

Это может Вас заинтересовать