Войти через

  • 22:41:48
  • 21°C

Пятница, 14 августа

Алматы облысында полицейлер Қапшағай көпірінен секірген бойжеткенді құтқарды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының полицейлері Қапшағай көпірінен суға секірген бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Белгілі болғандай, көпірден секірмек болған бойжеткен полицейлермен тілдесуге бармады. Бірден суға секіріп кеткен. Дәл сол сәтте полиция қызметкері қыздың артынан суға секірді.


«Менің әріптесім лейтенант Нұрмекенов тез арада оған ұмтылды. Ол бір қолымен қызды ұстап, жағаға жүзе бастады. Адам өмірін құтқара алдық. Қыз үнемі жылаумен болды, ол осындай қатал әрекеттінің себебі туралы бізге ештеңе айта алмады»,- деп атап өтті Қапшағай полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары полиция капитаны Асхат Дабылдаев пен полиция лейтенанты Айбек Нұрмекенов.

Сонымен қатар, полицейлер медицина қызметкерлерін күтпей, қызды алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға өз беттерінше жеткізген.

"Бұл ерлік емес. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің куәгері болған өзге де полиция қызметкерлері дәл осылай әрекет ететініне сенімдімін»-, дейді Асхат Дабылдаев.

Это может Вас заинтересовать