Войти через

  • 16:13:13
  • 2°C

Понедельник, 09 декабря$ 384.97  € 427.12  ₽ 6.04

  • Информация

    8 775 568 51 58

  • Адрес проведения

    На берегу реки Каратал

Облыста алғашқы рет ұйымдастырылып отырған «AsyqChamp» турнирі өтеді. Оған Алматы облысының аудан, қаласынан іріктелінген 20 қатысушы келіп бақ сынаспақ.

Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастар арасында асық ойнауды танымал ету, ұлттық ойындарды қолдау, насихаттау, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және жастарды ептілікке, мергендікке, сергектікке баулу.

Аталмыш турнир ең алдымен аудан мен қала көлемінде өткізіліп, кейін іріктелінген жеңімпаздар облыстық турнирға жолдама алды.

Жарыста жастар арасында танымал болып жүрген «Шеңбер» ойыны ойнатылады. Ойын ережесі бойынша тегіс жерге шеңбер сызылады.Шеңбердің радиусы ойыншының жасына,сыныбына қарай үлкен,кіші болады. Шеңбердің ортасындағы сызыққа асықтар тігіліп,шеңберден бірдей қашықтықтағы екі жақ сызықтан ойыншылар ретпен кезек асық атады.Ойыншының сақасы асыққа тиіп,асық шеңберден шықса ойыншы асықты алып,сақасы жатқан жерден келесі асықты атады.Асыққа тағы тигізіп шеңберден шығарса,асықты алып тағы атады.Шығара алмаса келесі ойыншы атуды шеңбер сызығынан бастайды.Егер шеңбер ішінде сақа тиіп құлаған асық болса, «өлік»келесі ойыншы сол асықты атудан бастайды. Ойын шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып алынғанша жалғасады.

Ойын соңында жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталады.

На карте

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать