Войти через

  • 16:12:18
  • 2°C

Понедельник, 09 декабря$ 384.97  € 427.12  ₽ 6.04

Жетісулықтар «Қайырымдылық эстафетасын» бастады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алматы облысының тұрғындары адамдардың құптарлық ізгі істері өзгелерге үлгі болсын деген мақсатпен «Қайырымдылық эстафетасы» шарасын бастады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Эстафета аясында жетісулықтар әлеуметтік желідегі парақшаларында #ЖақсылықЖаса#ДелайДобро#менЖақсылықтыТаңдаймын#яВыбираюДобро 
хэштегтерімен естіген, көрген, білген, жасаған ең қарапайым немесе ауқымды игі істер жайындағы посттарымен бөлісе алады.
Осыған дейін Жетісудің қайырымды кәсіпкерлері облыс әкімі Амандық Баталовтың бастауымен жалғасқан марафонды қолдап, бүгінгі күнге дейін
94 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға тегін баспана сыйлаған. Алдағы уақытта бұл қуаныш әлі де жалғасын таба бермек. 

«Әрбір жақсылықтан жанымыз жадырап сала береді. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде мейірімін көрсетсе, ол да оған керек сәтте жанашырлық танытады.
Күнделікті өздерінің қайырымдылық шараларымен көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі және басқа да мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген арамызда көптеген жаны
жайсаң, жомарт, абзал жандар бар. Олар жайында бірі білсе, бірі білмей жатады», - дейді эстафета қатысушылары.

Қазіргі таңда аталмыш хэштегтермен жүзден аса қайырымды істер туралы посттар жарияланды.
Фото: видеоның скриншоты.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать