Войти через

  • 11:01:45
  • -12°C

Пятница, 22 ноября$ 386.44  € 428.37  ₽ 6.06

Сарқанда жомарт жандар марапатталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Сарқан ауданында «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Лауреаттарды аудан әкімі Марат Разбеков марапаттады. 

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, «Жомарт жүрек» сыйлығы елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырған азаматтарға беріледі.

«Туған өлке» номинациясымен Ерлан Қожасбаев  марапатталды. Ал «Жыл меценаты» атағын жеке кәсіпкер Сәттібеков Руслан иеленді. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен қамқорлығы және тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жандандырып, спорт, білім саласындағы бастамаларға қолдау білдіргені үшін «Жыл тұлғасы» аталымына Ерлан Бейсембеков танылды. 

Түрлі қайырымдылық жобаларына, акцияларға, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсене атсалысқаны үшін «Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығы» сонымен қатар, Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясымен «Парыз» Сарқан ауданының еріктілері қоғамдық бірлестігі «Жылдың үздік ұйымы» атағымен марапатталды.

Фото: Сарқан ауданының әкімдігі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать