Войти через

  • 15:51:31
  • 23°C

Воскресенье, 20 сентября

Жыл соңына дейін Алматы облысында 156 мектеп Wi-Fi-ға қосылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

 

Алматы облысында Wi-Fi технологиясы негізінде сымсыз интернетке қосу мақсатында жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде жыл соңына дейін 639 мектеп немесе барлық білім ошағының 84%-ы Wi-Fi арқылы ғаламторға қол жеткізеді, депхабарлайды Tinfo.kz.


Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметнің ақпаратынша, бүгінгі таңда облыстағы 760 мектептің барлығы компьютерлік техникамен жабдықталып, 100% ғаламторға қосылған. Оның 527 мектебі немесе 69,3%-ы жоғары жылдамдықты интернетке талшықты-оптикалық мыс кабелі арқылы, 233 мектеп яғни, 30,6%-ы спутниктік байланыс арқылы қосылған.

Өткен жылы ақпараттандыру бағдарламасы бойынша бірнеше компьютер сатып алуға 376,9 миллион теңге бөлінсе, биыл мұғалімдерге компьютер сатып алуға 311,8 миллион қаржы қарастырылған. Білім ошақтары мен ұстаздарға компьютер сатып алуға жыл сайын қаражат бөлінсе де бұл көрсеткіш еш төмендемейді. Өйткені бұл санатты толықтырып отыратын оқушылар саны да артуда. Сондықтан тағы 40 мың компьютер сатып алу туралы шешім қабылданды. Оның 20 мың компьютерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 4 миллиард қаржы бөлінген. Қалған 20 мың компьютерді сатып алу үшін мемлекеттік-жекеменшік әрптестік (МЖӘ) жобасы аясында 5 миллиард қаржы қарастырылған.

Республикалық бюджеттен 8,6 миллиард теңгеден астам сомаға 55 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынады. Жалпы, бүгінгі таңда облыс оқушыларының компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 60,9%-ды құрайды. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде облыстың білім беру мекемелерінде 69 ІТ-сыныптар құрылды. Биылдың өзінде 50 ІТ-сыныптарды жабдықтау үшін 476,8 миллион теңге бөлінді.

Это может Вас заинтересовать