Войти через

  • 07:35:44
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

«Жетісу шеберлері» фестивалі өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс орталығында «Жетісу шеберлері» дарынды жасөспірімдер мен балалар арасындағы жеке аспаптарда шебер ойнайтын орындаушылардың I республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Фестиваль  жас таланттардың жаңа есімін анықтауды, қазақтың ұлттық өнерін дамытуды, аспаптарда шебер ойнайтын өнер иелерінің ізбасарларын табуды нысанаға алған.

Шараға  19 дарынды жас қатысты. Қатысушылар домбыра, қобыз, қыл қобыз, баян, прима қобыз, дутар прима және де ұрмалы аспаптарда әртүрлі елдің шығармаларын орындады. Өнерлілер додасын Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестірі ашып берді. Сондай-ақ жас дарындарды өнер көрсету кезінде оркестор сүйемелдеп отырса, Әли Алпысбаев, Медет Есбергенов, Ерболат Еркенов сынды музыка әлемінің майталмандары дирижер болды.

Сайыс қорытындысы бойынша, домбырада ойнаған Заңғар Әкімбеков, Назира Серікбек жүлделі 3 орынды иеленсе, Талшын Өмірзақ, Расул Әміржан, Алмат Балтабеков 2 орынды, 1 орынды Нұрғиса Нұранбек мен Батырхан Ерсінұлы, Арсен Тұрсын өзара бөлісті.

Ал қобыз және қыл қобызда ойнаған жеткіншектер Зарина Ермұханбет, Ботагөз Сапарова 3 орынды қанжығаларына байласа, тиісінше 2 орын Расим Дүйсебековке бұйырды. Жеңіс тұғырынан прима қобыздың құлағында ойнаған Назерке Альмирекова көрінді. Қыл қобызбен шығарманы нақышына келтіріп орындаған  Ерасыл Төреханов 1 орынға ие болды.

Баян аталымында Аңсар Джаныкулов 3 орынға тұрақтаса,  2 орын  Мажит Шакировтың  еншісінде кетсе, 1 орынды Рашид Сагадиев алды. Ұрмалы аспаптан Бекзат Таубалды 1 орынға ие болды.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать