Войти через

  • 09:07:32
  • -2°C

Суббота, 29 февраля$ 381.1  € 420.81  ₽ 5.65

Жас полицейлер жол үстінде аса ауыр қылмыскерді ұстады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Сарқан ауданында жас полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды TINFO.KZ аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап.

23 қаңтар күні полиция лейтенанты Олжас Тұрсынханов және полиция сержанты Айзат Қасымхан іргелес Алакөл ауданы Қабанбай ауылында аса ауыр қылмыс жасап, ізін суытпақ болған 1975 жылы туылған «Д» есімді азаматты Алматы-Өскемен бағытының 426 шақырымында көліктерді жіті тексеру кезінде қылмыскерді қолға түсіріп, аудандық полиция бөліміне тапсырған. «Д» есімді азаматтың бұрын соңды істі болмағандығы анықталған. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

 «Халқымыздың тыныштығы біздер үшін өте маңызды. Бұл ісімізді ерлік деп санмаймыз, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу ол біздің абыройлы міндетіміз», - деді жас полиция қызметкерлері.

Аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Мұрат Қалиасқаров осы ерліктерін бағалай отырып, Алғыс хатпен марапаттап, жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, Олжас пен Айзат аудандық полиция бөлімінде екі жылға жуық қызмет етуде.

Фото: Сарқан аудандық полиция бөлімі.

Добавить комментарий

Что вы думаете?