Войти через

  • 12:14:05
  • 34°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Жаркентте медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Алматы облысы Панфилов ауданындағы орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің 35 қызметкеріне жеке кәсіпкер азық-түлікпен көмек көрсетті, деп хабарлайды TINFO.KZ Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша кәсіпкер Ұлан Сарпеков «Біз біргеміз» республикалық акциясына қолдау білдірді.


«Президентіміз бастаған акция әзір еліміз бойынша қолдау табуда. Кәсіпкер ретінде менде қолымнан келгенше көмек көрсеттім. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы орайда жанға араша болып еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін»,- деді кәсіпкер.

Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлері бүгінге дейін карантинде жатқан 197 адамдарға қызмет көрсеткен. Қазір барлығы бақылауда.

Айта кету керек, Панфилов ауданына әзірге екі санитарлық бекет орнатылды. 24 сағат жұмыс істеп жатқан арнайы мамандарға аудан әкімдігінің қызметкерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетуде.

Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.