Войти через

  • 23:41:49
  • 21°C

Пятница, 14 августа

Тоқаев Баталовпен телефон арқылы сөйлесті

TINFO
TINFO
Служба новостей

28 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Амандық Баталов президентке өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

“Індеттің таралу қарқынының төмендегенін, ауруға шалдыққандар саны 4115 болса, соның 3224-інің емделіп шыққаны, дәрі-дәрмек қоры мен тестілеу зертханасын жеткілікті болуы үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады. Сол сияқты жағдайы ауыр науқастарды емдеуге көп көңіл бөлініп, қазіргі кезде облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында арнайы жағдаяттық орталық жұмыс істеп жатқаны жайлы да хабарлады”, - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.


Әңгіме соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айтты.

Это может Вас заинтересовать