Войти через

  • 11:22:44
  • 32°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Текеліде бетперде мен халаттар тігетін цех ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Текелі қаласында медициналық бетперделер тігетін жаңа цех ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кәсіпорын жақында Талдықорғанда ашылған «Техно Авиа Груп» ЖШС филиалы болып табылады. Цех бір реттік медициналық бетперделер, халаттар, комбинезондар және басқа да арнайы медициналық киімдер тігуге бағытталған.


«2020 жылдың мамырынан бастап ғимаратты іздестіру және оны жөндеу жұмыстары басталған және "ЖАК" фирмасының 50 жоғары жылдамдықты тігін машиналары, 10 арнайы өндірістік тігін машиналары сатып алынған», - деп атап өтті қала әкімдігінде.

Жалпы тігін цехында текелілік 70 тұрғынды жұмыспен қамтып, күніне 18-20 мың дана бетперде тігу жоспарланып отыр.

Фото: Текелі қ. әкімдігі.