Войти через

  • 14:24:26
  • 8°C

Среда, 08 апреля$ 437.2  € 475.32  ₽ 5.79

Талдықорғанның үздік спортшыларына ақшалай сыйлық берілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов спортшылармен, жаттықтырушылармен және спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Кездесу барысында Ғалымжан Әбдірайымов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қала спортшыларының өткен жылғы жетістіктерін атап өтіп, Токио Олимпиадасына жолдама иеленген қала спортшыларына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

Талдықорған қаласы әкімінің алғыс хатымен және ақшалай сыйлықпен келесі спортшылар марапатталды: 2020 жылғы Токио Олимпиадасына лицензия иегерлері - Мұсаев Санжар, Абдуллин Ильфат, Ганькин Денис (барлығы садақтан ату), Ратова Айман (жеңіл атлетика) және Ділмұхамедов Асхат (грек-рим күресі); сонымен қатар 2019 жылғы халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері - Макарчук Диана (садақтан ату), Қабденов Елдос (джиу-джитсу), Ақмолда Сайрамкез (ауыр атлетика), Сламжанов Өркен (велоспорт), Қызыров Нұрбек, Қажібеков Әділет (грек-рим күресі), Суюнов Мерей және Бейсенбаев Еркебұлан (каратэ шинкиокушинкай).

Фото: Талдықорған қ. әкімдігі.

Добавить комментарий

Что вы думаете?