Войти через

  • 11:30:51
  • 32°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Талдықорғанда тәулігіне 30 мың медициналық бетперде тігетін цех іске қосылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс орталығында медициналық бетперде тігетін жаңа цех ашылды. Күніне 30 мың бетперде тігу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Нысанда 50 тігінші жұмыс істейді. Жалпы аумағы 490 шаршы метрді құрайтын өндіріс орнында құны 28 млн теңгенің қалыңдығы жұқа және орташа қалыңдықтағы материалдарды тігуге арналған электр қозғалтқышты жоғары жылдамдықты әмбебап тігін машиналары орнатылған. Олар минутына 5000 рет айналысқа дейін максималды тігіс жылдамдығына ие.
«Қазіргі уақытта мұнда бір реттік қолданылатын 3 қабатты медициналық бетперделер тігілуде. Алдағы уақытта бірнеше рет пайдалануға болатын трикотажды маскалар, халаттар, комбинезондар, алжапқыштар, қолғаптар, жұмыс күртешелерін және тапсырысқа байланысты тағы да басқа киім-кешек түрлерін тігу жоспары бар», - деп атап өтті «Техно Авиа Груп» ЖШС директоры Жарылқасын Болатұлы.
Цехтың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қоймада 16 млн теңгенің маталары мен өндірісте керекті ұсақ-түйек заттарының қоры жасақталған.
Фото: www.instagram.com/zhetysupress/