Войти через

  • 08:20:21
  • 1°C

Воскресенье, 29 марта$ 445.84  € 490.47  ₽ 5.73

Талдықорғанда «Абай» трагедиясының премьерасы өтеді

TINFO
TINFO
Служба новостей

14 ақпанда Талдықорған қаласында М.Әуезовтың «Абай» трагедиясының премьерасы өтеді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы Абай Құнанбаевтың қайраткерлік өмірі мен шығармаларының құндылығын айқындап қана қоймай, сол дәуірдегі қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, дау-дамайға, тартысқа толы топтық қоғамның шынайы бейнесін де шебер суреттейді.

«Мұнда, Абайдың адамгершілік, ақындық және өз елінің бостандығы жолындағы күресі, Оразбай, Нарымбет, Жиренше, Керім, арасындағы қақтығыстар арқылы туындының мазмұнын аша түседі. Шешендік сөздер, беташар, бата беру, туған жермен қоштасу сияқты ауыз әдебиетінің үлгілері мен Абайдың әндері де терең көрініс табады», - деп атап өтті драма театрда.

Қойылымның басталуы: 14 ақпанда сағат 16:00 (кіру тегін) және 19:00 (кіру ақылы).

Байланыс телефоны: +7 705 709 02 37.

Фото: Интернет.

 

Добавить комментарий

Что вы думаете?