Войти через

  • 11:19:05
  • 32°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Талдықорған қаласына кім кіріп-шыға алады?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының полиция департаменті карантин кезінде Талдықорған қаласында азаматтар мен көлік құралдарының жүріп-тұру жағдайларын түсіндірді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

17 мамырдан бастап Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин карантиндік шаралардың күшейтілуімен ұзартылды.


Талдықорған қаласына адамдарға және көлік құралдарына қазір кіруге тыйым салынды. Бірақ ерекше жағдайлар бар, яғни, егер сіз шет мемлекеттерден немесе Қазақстан Республикасының өзге аймақтарынан қайтып келе жатқан қала тұрғыны болсаңыз, үй карантині мен медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, қалаға кіре аласыз.

Сондай-ақ, жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау бойынша жергілікті атқарушы органдар берген арнайы рұқсаттамалары бар адамдар және көліктер, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар және карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік, провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдар қалаға кіре алады.

Бұдан өзге, кіру және шығу төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты өз жұмысын қайта бастаған ұйымдарда қызмет ететін азаматтарға жұмыс орнынан анықтама және жұмыс орны бойынша елді мекенде тіркеуі болған жағдайда, карантин жарияланған аймақтарға/қалаларға медициналық көрсеткіштері бойынша екі адамнан аспайтын еріп жүруші алып жүрген азаматтарға рұқсат етілген.

Сонымен қатар, растайтын құжаттары бар бау-бақша қоғамдарына, саяжай учаскелеріне жол тартқан азаматтарды, қоғамдық және жеке көліктерді қоспағанда, қала ішінде кіруге/шығуға тыйым салынады. Бұл ретте саяжайларға қонақтарды шақыра отырып, учаскелерде іс-шаралар өткізуге де тыйым салынады.

«Тапсырыс құжаттары болған жағдайда жеткізу қызметтерінің адамдары мен көліктеріне, авариялық және коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ коммуникация желілерін басқару және техникалық қолдау қызметкерлеріне, инкассаторлық қызметке, еріп жүретін адамдардың саны он адамнан аспайтын жерлеу үдерістерінің автокөлігіне, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың, дәріханалардың қызметкерлеріне, көктемгі егіс жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринарлық және ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған тұлғаларды тасымалдауға, әскери, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қала бойынша жүруге рұқсат берілген»,-деп деп түсіндірді Талдықорған ҚПБ бастығы, полиция полковнигі Асқар Нурсапа.

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі