Войти через

  • 21:49:06
  • 5°C

Понедельник, 30 марта$ 448.01  € 495.86  ₽ 5.64

Шамалғанда көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапкершілікке тартылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Шамалған ауылында көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерге қауіп төндіріп, көшеде көкпар тартқаны туралы бейнежазба тараған. Оқиға 23 наурыз күні сағат 17.00 шамасында Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде түсірілгені белгілі болды. Ұлттық ойынның ұйымдастырушысы ретінде 27 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.

«Ол жасаған әрекеті бойынша құқық бұзушының қазіргі төтенше жағдайдың ауқымдылығы мен маңыздылығын сезінбегені белгілі. Оның сөзінше, ол көкпарды «Наурыз мерекесіне» орай ұйымдастырған. Дегенмен, елімізде төтенше жағдай жарияланғанын біле тұра, ол қоғамдық шараға ұйытқы болған. Сонымен қатар, ұлттық ойын елдімекендегі жолдың бойында ұйымдастырылған, яғни ол заңнама талаптарын өрескел бұзу болып табылады»,- деп хабарлады Қарасай АПБ бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес, яғни «Төтенше жағдай тәртібін бұзу» дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін материал ауданаралық сотқа жолданды.

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Что вы думаете?