Войти через

  • 07:49:57
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

Райымбек ауданында 14 көп балалы отбасыға баспана беріледі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тәуелсіздік күні қарсаңында Райымбек ауданында көп балалы аз қамтылған 14 отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды TINFO.KZ.

«Биылғы жылы демеушілер көмегімен тұрмысы төмен отбасыларға 20 үй сатып алынып берілді және бюджеттен көп балалы аз қамтылған 14 отбасына  60 млн 800 мың теңгеге тұрғын үй сатып алынып, Тәуелсіздік күні қарсаңында беріледі», - деді Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов.

Мәселен, соңғы 10 айда ауылшаруашылық өнімі 25,7 млрд теңгеге жетке н. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 млрд 103 млн теңгеге көп.

Биыл 6 000 га алқапқа картоп себіліп, әр гектарынан 208 центнер өнім алынған. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен картоп өндіру бағытында 3 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Жыл басынан бері 316 млн теңгеге 80-нан аса ауылшаруашылық техника сатып алған.

2020 жылы етті өңдеу, экспортқа шығару жұмысына ден қойылмақ. Ауданымызда халықты тұрғын үймен қамту басты назарда.

Сонымен бірге аймақ басшысы интернет 2020 жылы интернет сапасы толық шешілетінін жеткізді.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать