Войти через

  • 06:52:15
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

Отбасыдағы зорлық-зомбылық азаймай тұр - сарапшылар

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Jetisy media» алаңында «Әйелдер мен қыздарға жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы» республикада алғаш рет халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Конференция аясындағы іс-шаралар үш күн бойы Талдықорғанда өтеді. «Немолчи.кз» қозғалысының жетекшісі Дина Смаилованың айтуынша, өткен жылы 36 адам тұрмыстық зорлық–зомбылық көрсеткені үшін темір торға қамалған.

«Темірдей тәртіп орнатылып, құрбандарды құтқару жалғасын тапсада, балалардың құқықтарын бұзу жағдайы азаймай тұрған жайы бар. Бала құқығы көп жағдайда отбасының өзінде бұзылады. Балаға сырттан келіп әлімжеттік көрсететіндер сирек кездеседі», - дейді Дина Смаилова.

Біріккен ұлттар ұйымының Гендірлік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі Салтанат Мустафина әрбір 3-ші әйел зорлықтың құрбаны болса, әрбір 5-ші нәзік жанды психологиялық жарақат алатынын айтты.

Әлем бойынша 58% әйелдер зорлық-зомбылықты бастарынан өткерген, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 17% құрайды. Былтырғы жылы аталған бассыз іс-әрекеттің жолын қию барысында 115 қылмыстық іс тіркелген.

Фото: Jetisy media.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать