Войти через

  • 16:36:08
  • 19°C

Среда, 16 октября$ 389.59  € 429.06  ₽ 6.05

«Орбұлақ» шайқасының тарихи клубы құрылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жанынан «Орбұлақ шайқасының тарихи клубы» құрылды, деп хабарлайды  TINFO желілік агенттігі.

Клуб халқымыздың көп ғасырлық мәдени-тарихи мұрасын жандандыруға және тарихымызға деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы ұлттық клубы  түрлі фестивальдер өткізу, тарихи естелікті сақтауға жаңа серпін бермек. Сонымен қатар, тарихшылар, археологтар, қолөнершілер, реконструкторлар мен түрлі қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар жүргізеді.

Клубтың алғашқы отырысына  зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жас мамандар қатысты.  Жиында  алғаш болып сөз алған «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін «Орбұлақ» шайқасының отандық тарихтағы мән-маңызына тоқталып өтті.

«Ұлт тарихында Орбұлақ шайқасының орны бөлек. Шайқас туралы айтқанда, Салқам Жәңгір мен Самарқанның әмірі Жалаңтөс баһадүрдің есімдері аталмай тұрмайды. Ел арасында күмән туғызып келген Орбұлақ шайқасы егемен елдің тарихынан ойып тұрып орын алды. Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық соғысы ұлт қаһармандарының ел мен жер тағдырын батыл шешіп, халқын қорғай алатындығын дәлелдеп, көрегендік саясатының мызғымас беріктігін көрсетті. Бұл шайқас – қаһармандық пен ержүрек батыр бабаларымыздың ұлы жеңісі. Сондықтан тарихтағы ұлы істер, ерліктер ұмытылмауы қажет. Облысымызда осындай тарихи клубтың құрылғандығы өте қуантарлық жағдай», - деді Әміре Әрін.

Фото: «Жетісу медиа» КММ.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать