Войти через

  • 17:21:10
  • 21°C

Воскресенье, 20 сентября

Әнші Асылбек Тойлыбаев қайтыс болды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының белгілі әншісі Асылбек Тойлыбаев 39 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы хабарлады.


“Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы ұжымы талантты әнші әріптесіміз, дарынды азамат Тойлыбаев Асылбек бауырымыздың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз! Алла панасына алып, жатқан жерін жарық қылғай!”, - делінген хабарламада.

Асылбек Тойлыбаев 1981 жылы дүниеге келген. Жетісулық әнші әр жылдары халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты болды. Талдықорған қаласындағы музыка-өнер мектебінің ұстазы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисті болып еңбек етті. 

Асылбек Тойлыбаев “Талдықорған - Жетісудың қаласы”, “Ғашықпын саған”, “Ей досым”, “Жүрегі Қазағымның - сен, Астана!" сынды әндерді орындаумен көпшілікті есінде қалды.


Это может Вас заинтересовать