Войти через

  • 18:05:21
  • 21°C

Воскресенье, 20 сентября

«Невада – Семей»: Талдықорғанда дөңгелек үстел өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасында Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Невада – Семей» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Шара зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді «Қазақ зағиптар қоғамы» клубының меңгерушісі Жанна Байноғаева  ашып, сөз кезегін «Қазақ зағиптар қоғамы» бірлестігінің төрағасы Әлікен Даркенбаевқа берілді. 


Ол Невада Семей полигонына арнап ақын қызымыз Алмахан Мұхамедқалиқызының «Құрсақсыз ана» атты тақырыптағы өлеңін оқып беріп, барша Қазақ еліне тыныштық сыйлады. Кітапханашы Гаухар  Таукебаева осы тақырыпта елімізге қайғы – қасірет әкелген полигон туралы өз сөзімен айтып беріп шараны аяқтады.

Еске салсақ, Семей полигоны — КСРО-ның ядролық сынақ жүргізуге арналған аса маңызды стратегиялық объектілерінің бірі болды. Оны ашу үшін 18 миллион гектар жер бөлінген болатын. Бастапқыда сынақтар жер бетінде жүріп, адамдар мен қоршаған табиғатқа айтарлықтай зиян келді. Кейін сынақтар тек жер астында жүргізіле бастады. Атом бомбаларының жарылысы жергілікті тұрғындар үшін ауыр тиіп, 500 мыңдай адам азап шекті.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Кейін 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы жарлығы шықты.

Это может Вас заинтересовать