Войти через

  • 10:46:22
  • 32°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Министр Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бейсен Құранбектің қазасына байланысты отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Елімізге белгілі журналист, халқымыздың аяулы ұлы Бейсен Құранбектің қазасы баршамызға ауыр тиді. «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тележүргізуші, елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған жомарт жүректі азамат бақиға аттанды. Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.


Фото: Интернет.