Войти через

  • 22:49:32
  • 23°C

Суббота, 15 августа

Әл-Фараби ізімен: «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы өтуде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында "Адалдық сағаты" жалпы республикалық бірыңғай акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл жолы дәстүрлі тоқсан сайын өткізілетін "Адалдық сағаты" акциясы өз ерекшелігі бар.


«Біріншіден, биыл біздің елімізде бүкіл әлемде мойындалған ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Ол өз шығармаларында, соның ішінде "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы Трактат" еңбектерінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік туралы ойды қозғады. Екіншіден, карантин жағдайында бұл акция онлайн форматта өтеді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісілген "Адалдық сағаты" бейне-сабағы республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі.

Сонымен қатар, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube арнасында, аумақтық департаменттің және "JETISY - ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Онлайн форматта өткізілген іс-шара қоғамның кең қолдауына ие болды.

Бейне-дәрістің Онлайн-трансляциясы өскелең ұрпақ арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігі болды. Сондай-ақ, қоғам мен жастарға тек терең білімнің ғана емес, сонымен қатар адам құндылықтарының ұлы тұлғалардың еңбектерінің призмасы арқылы адалдық пен парасаттылық ретінде маңыздылығын сіңіру бойынша қолдау көрсетілді.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кеңінен насихаттау – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Это может Вас заинтересовать