Войти через

  • 13:46:51
  • 21°C

Воскресенье, 20 сентября

Карантин «Қорғас» орталығының жұмысына қалай әсер етті?

TINFO
TINFO
Служба новостей

2005 жылы құрылған «Қорғас» орталығы шекара маңында сауда дамуының алаңына айналды. Мемлекетаралық жобаның мақсаты трансұлттық компанияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекары маңындағы сауда көлемін өсіру болды. Тұтастай алғанда, бірегей жоба бизнесті жүргізу, инвестицияларды тарту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталды.

2019 жылы компанияда айтарлықтай өзгерістер жасалды: акциялардың 100% пакеті мемлекеттен Алматы облысының коммуналдық меншігіне берілді. Акционерлік қоғамына Басқарушы компания (АЭА БК) мәртебесін беру –инвесторлар және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен заңнамамен қарастырылған жеңілдіктерді ұсыну арқылы жаңа шарттарда келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді.


Алайда 2020 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметін сынға алып, орталықтың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін және 2025 жылға дейінгі сауда саясатының нақты бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Осы жылдың ақпан айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына жаңа төраға тағайындалды. Бұл қызметке осыған дейін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығында болған Дінмұхамед Әбсаттаров келді. Бірегей «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметін дұрыс арнаға салуда қандай жұмыстар атқарылғаны жайында материалда баяндаймыз.

Бірінші кезекте ситуативті талдау жүргізілді, соның нәтижесінде шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мықты және осал тұстарын белгіленді. Талдау нәтижесінде орталық дамуының негізгі бағыттарын анықталып, инвестицияларды тарту және туризмді дамытуға басымдық берілді. Осы тармақтар арнайы экономикалық аймақтың даму стратегиясына мұрындық болды. Атқарылған шара қызметтер мен тауарлар экспорты дамуына мультипликативті әсер бермек.

 Екінші бағыт – басқарушы компанияның клиентке бағдарланған компания ретінде қалыптасуына, үшінші – инженерлік инфрақұрылымның дамуына назар аударылды. Арнайы экономикалық аймақтың логистикалық мүмкіндіктері – оның Алтынкөл станциясы жанында және ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азияны – Орта Азия, Каспий теңізі және Еуропа елдерімен байланыстырып тұрған еуразиялық трансконтинентальді көпір іспетті болған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі маңында орналасқанын ескерсек, бұл өте жақсы артықшылықтар.

Мемлекет басшысы жыл басында орталық жұмысына қатысты сын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

 «Қорғас» ШЫХО жобасын іске асыруда қазақстандық тараппен салыстырғанда бастапқы жағдай қытай тарапынан айтарлықтай тиімді болғанын атап өткен жөн. «Қорғас» орталығының Қытай бөлігі инженерлік және көлік инфрақұрылымы сол кездегі 90 мың тұрғыны бар Қорғас қаласының бұрыннан бар инфрақұрылымының негізінде құрылған.

Қазақстан бөлігінің инфрақұрылымы болса түбегейлі «таза парактан» салынды. Қорғас орталығын толық немесе ішанара қамтамасыз ете алатындай жақын маңда инженерлік инфрақұрылымның көздері мен ірі объектілердің болмауына байланысты қуаттылығы 120 МВт жылу қазандығы, электр қосалқы станциясы, су жинау нысандары мен кәріз тазалау нысандары салынып, сыртқы және ішкі кіреберіс жолдары жүргізілді.

 Бұдан бөлек, «Қорғас» орталығының батыс жағында ағып жатқан селге қауіпті Қорғас өзенінің жақын орналасуына байланысты өңірдің төтенше жағдай департаменті орталықтың бүкіл аумағы бойы селден сақтау және жағалауды нығайту бойынша жұмысты жүргізіп жатыр.

Пандемия факторы да кері әсерін тигізбей қоймады. Пандемия салдарынан арнайы экономикалық аймақ бес айдан астам уақыт жұмыс істемеді, осындай жайт кірісті тоқтатып, сәйкесінше даму қарқынына кедергі келтірді.

 Алайда, қаржыландырудың болмауына қарамастан, инфрақұрылым объектілерін күту бойынша жұмыс жалғастырылды,  жекелеген жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Жоғарыда айтылғандай, ситуативтік талдау және технологиялық аудит жүргізілді. Нәтижесінде қазіргі таңда «Арнайы экономикалық аймақ аумағын цифрландыру» жүргізіліп жатыр. Бұл ауқымды шара барлық бизнес-процестерді оңтайландырып, инвесторлар, туристер, сондай-ақ АЭА қызметін қаматамасыз ететін органдарға оң әсер етпек.

 Біріншіден, қолайлылық пен бастапқы қызметтер мен ақпаратты алу үшін «Қорғас» ШЫХО сайты жаңартылды, жуық арада онлайн консультациялар алу үшін call-орталық іске қосылады. Компанияның бүкіл құжат айналымы оңтайландырылып, электронды форматқа ауыстырылды.

«Қорғас» орталығы қызметінде кіру және шығу кезінде бақылау-өткізу пунктінен өту процесінде орын алған проблемалар айтарлықтай кедергі болғаны баршаға мәлім. Осы мәселелерді алып тастау үшін өткізудің автоматтандырылған жүйелерін орналастыру, сондай-ақ жеке тұлғадан багажды бөлу жолға қойылуда, мұның бәрі өткізу пунктінен өту уақытын қысқартады.

Билеттер бойынша өткізу режимі процесінің өзі келушілердің көңілінен шығады: егер осыған дейін сатып алу үшін жеке куәліктің болуы сұралып, ал кіру-шығу билеттің штрих-коды арқылы жүзеге асырылған болса, енді билеттің өзін ресми сайттар арқылы онлайн сатып алуға болады, сонымен қатар басқа да алаңдар қаралуда. Сондай-ақ, енді келушілер багажды қолмен алып жүрмейтін болады, жүкті багаж қабылдау пунктіне өткізсе болғаны. Билет құнына 25 келіге дейінгі багажды алып жүру енгізілген.

 Орталық ғимараты жөндеуден өтіп, орталыққа қарасты аумақ абаттандырылды: еденнің беткі қабаты ауыстырылды, шыны жақтаулардағы торлар алынып тасталды, орталық аумағындағы қоршаулар ауыстырылды, ғимараттың ішінде ауа кондициялау жүйесі жаңартылды.

 Енді орталыққа келушілерге паспортттық және кедендік бақылауды жалпыға белгіленген режимде өтуге немесе қолайлы жағдай қарастырылған бизнес-терминал арқылы өту бойынша таңдау беріледі. Бизнес-терминалды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Айта кетелік, «Қорғас» ШЫХО ақылы қызмет көрсету, инфрақұрылым объектілерін, жер телімдерін, ғимараттар мен нысандарды мүліктік жалға беру және қосалқы жалгерліктен кіріске, және жарғылық капиталды толықтыруға аударылған қаражат есебінен қаржыландырылады.

Это может Вас заинтересовать