Войти через

  • 10:25:49
  • 30°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Күзде карантин болуы мүмкін бе? Вице-министр жауап берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты күзде карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн форматтағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


«Шынымен де күзде біз екінші толқыны келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Алайда күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі эпидемиологиялық ахуал назарға алынады. Күзде қандай да бір карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, бұл қадамдар індеттің таралуы қаупіне байланысты болады», - деді вице-министр.

Фото: pixabay.com