Войти через

  • 07:56:29
  • -6°C

Четверг, 23 января$ 377.29  € 418.41  ₽ 6.09

Cарқан ауданында «Жыл үздігі-2019» сыйлығы тапсырылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Сарқан аудандық мәдениет үйінде өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жастар «Жыл үздігі-2019» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Өңір жастарына марапатты аудан әкімі Марат Разбеков салтанатты түрде табыстап, өз алғысын білдірді.

«Биылғы «Жыл үздігі - 2019» жастар сыйлығын тапсыру ерекше жағдайда өтіп отыр. Елбасымыз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын, артынша Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды жастар жылының жалғасы ретінде «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осы тарихи оқиғамен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Құрметті жас достар! Елдігіміздің еңселі, болашағымыздың баянды болуы – Сіздердің қолдарыңызда! Сондықтан, сіздерді халыққа, қоғамға қызмет етуге, қай салада болмасын Отанымыздың абыройын арттыруға үлес қосуға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық, оқуда озат болуды, еңбек жолында табысты болуды тілеймін!», – деді Марат Разбеков.


«Жыл үздігі-2019» жастар сыйлығымен марапатталғандар:

1.«Үздік жас мемлекеттік қызметші» - Әскербек Тілеужан;
2. «Үздік жас спортшы» - Қасым Әсел Тілеубердіқызы;
3. «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы - Смаилханов Айбек;
4. «Үздік жас маманы» - Салимбеков Ануар Бердібекұлы;
5. «Үздік студент» - Айқын Үміт;
6. «Үздік жас әскери - қызметкер» - Абраим Аслан Ауасбекұлы;
7. «Үздік жас ерікті» - Сейтнұр Темірлан Нұрғазыұлы;
8. «Үздік жас өнерпаз» - Смағұлова Жангүл Аханқызы;
9. «Үздік жас дәрігер» - Шульгин Ярослав Владимирович;
10. «Үздік жас ұстаз» - Төребек Сандуғаш Бауыржанқызы;
11. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы - Сембек Жарас Ерболұлы;
12. «Үздік Оқушы» - Дастанқызы Айдана;
13.«Үздік жас чемпион» - Төлеухан Досжан Берікұлы.

Фото: Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать