Войти через

  • 16:36:59
  • 22°C

Воскресенье, 20 сентября

Қазақстаннан қай мемлекеттерге ұшуға болады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан қандай мемлекеттерге кедергісіз және карантиндік шектеусіз ұшып баруға болатынын айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 20 маусымынан бастап Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Грузия мен Жапония мемлекеттеріне халықаралық рейстерді жандандыруға рұқсат берілген. Сонымен бірге, комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірлігі, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Египет, Украина және Ресей Федерациясына халықаралық рейстерді орындауға рұқсат берілген. Қазіргі жағдай бойынша 7 мемлекетке (Түркия (41 жиілік), Оңтүстік Корея (2 жиілік), Нидерланды (1 жиілік), БАӘ (19 жиілік), Беларусь (9 жиілік), Германия (6 жиілік), Украина (5 жиілік) – аптасына 83 рейс жиілігімен 14 бағыт бойынша тұрақты халықаралық авиарейс кезең-кезеңімен қайта жаңартылды», - деп атап өтті министрлікте.


Атап айтқанда төмендегі рейстер жанданған:

- Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);

- Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 4 рет, Fly Dubai – аптасына 7 рет);

- Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет);

- Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет);

- Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа – аптасына 5 рет);

- Алматы – Минск – Алматы (Белавиа – аптасына 4 рет);

Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет);

- Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines – аптасына 1 рет);

- Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 1 рет);

- Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 9 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет, Pegasus – аптасына 3 рет).

- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет);

- Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет);

- Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 4 рет);

- Атырау – Ыстанбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет).

Это может Вас заинтересовать