Войти через

  • 14:30:22
  • 22°C

Воскресенье, 20 сентября

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық төмендеген

TINFO
TINFO
Служба новостей

IMD-2020 жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижесі бойынша Қазақстан екі орынға көтеріліп 27 орын алды, деп хабарлайды Tinfo.kz. 

Сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша Қазақстан екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартып келеді.


Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты.

Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литвадан (32), Қытайдан (33), Испаниядан (39), Чехиядан (44), Ресейден (51) және т.б. жоғары орналасқан.

Жалпы, бизнес жүргізудегі жемқорлықтың біртіндеп төмендеуін Бүкіләлемдік банктің «Enterprise Survey», Қазақстандағы Транспаренси Интернешнлдің «Сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторингін» және  PRS «Елдік тәуекелдерді бағалауын» қоса алғанда басқа агенттіктер жүргізген зерттеулердің нәтижелері де айғақтайды.

Рейтинг халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығымен жарияланады.

Это может Вас заинтересовать