Войти через

  • 17:49:40
  • 21°C

Воскресенье, 20 сентября

Аты-жөнін өзгерту туралы куәлікті қайталап алу

TINFO
TINFO
Служба новостей

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш онлайн режимде Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ол үшін:


- Egov.kz порталына кіріңіз;

- Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

- Қызметті онлайн сұратыңыз;

- Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

- Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі  және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы  деректерді  порталға енгізіңіз;

- Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

- Үшінші қадамда төлем мәртебесі  жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

- Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

- Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.

Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Это может Вас заинтересовать