Войти через

  • 07:40:30
  • 22°C

Пятница, 14 августа

Астана күніне орай екі жедел жәрдемінің көлігінің кілті табысталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Алматы облыстық партия филиалында 6 шілде Астана күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Облысы әкімінің орынбасары Б.Байжұманов және облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев құттықтау сөздерін сөйлеп, партия қатарына өткен бір топ жас маманға партия билетін, Алакөл ауданына 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстап, ерікті М.Кенешовке «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Жалпы Алматы облысында нұротандықтардың ауруханаларға көрсетіп жатқан көмегі аз емес. Осы уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының мүшесі-кәсіпкер В.Сычев Талдықорған қаласындағы облыстық жедел жәрдем станциясына реанимобиль, Қапшағай қаласында «Nur Otan» партиясының мүшесі-кәсіпкер М.Сергебаев қалалық ауруханаға ретро автокөлік мұражайынан «Волга» автокөлігін сыйға тартты. Сонымен қатар, 8 млн. теңгеге Covid-19 коронавирус індетін анықтауға арналған 1900 экспресс тест және Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына 53,2 млн. теңге көлеміндегі қаржыға жұқпалы ауруларды анықтауға қажеттіліктермен жабдықталған жылжымалы зертханасын сатып алып берді.


Это может Вас заинтересовать