Войти через

  • 07:16:45
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

Ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир өтеді

TINFO
TINFO
Служба новостей

28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Талдықорған қаласы «Жастар» спорт сарайында волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу Кубогы» ІІІ Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Жарысқа Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің Тыва, Бурятия, Татарстан елдері және Орынбор қаласының құрама командалары қатысады деп күтілуде.  

«Ардагерлерден құралған команданың ең жас мүшесі 40 жаста. Соған қарамастан тартысты додада спорт сарайының шаңын шығарып ойнауға дайын. Жеңістің тәтті дәмін татуға ең алдымен жанкүйерлердің қолдауы себепкер болады. Жерлестер қолдаса, біз аянып қалмаймыз», - дейді «Жетісу» волейбол командасының жетекшісі Асқар Тыныштықұлы.

Жарыс бағдарламасына сәйкес 29 қараша күні іріктеу ойындары басталып, сағат 12.00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

30 қараша күні іріктеу ойындары аяқталады.

1 желтоқсанда сағат 12.00-де финалдық ойын болып, жеңімпаздарды марапаттайды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынға 1 млн теңге, 2 орынға 700 мың теңге, 3 орынға 500 мың теңге беріледі. Сонымен қатар өзге номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етіледі.  

 

 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать