Войти через

  • 21:31:27
  • 5°C

Понедельник, 30 марта$ 448.01  € 495.86  ₽ 5.64

Амандық Баталов облыста ауыз су мен жол мәселесінің қалай шешілетінін айтты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өткен жылы Алматы облысына келген кезінде Президент екі маңызды міндетті – ауыз сумен қамтамасыз ету мен жол мәселесін тапсырған болатын. Осыған байланысты бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есеп беру кездесуінде осы тапсырмалардың орындалу барысы жайлы айтты, деп хабарлайды TINFO.KZ Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амандық Баталовтың айтуынша, облыста орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 91 процентке жетті. Судың сапасы мен жетіспеушілігі проблемасы бар.

Бұл үшін Еңбекшіқазақ аудандық және Қаскелең топтық су құбырларының құрылыстары жоспарланған, бұл өз кезегінде аталған аудандардағы 32 елді мекенді  сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол сияқты биыл барлығы 330 шақырым су құбыры желісін салу, қайта жаңарту жоспарланған. Соның нәтижесінде таза ауыз суға тағы 5 ауыл  қол жеткізіп, 21 елді мекенде қызмет сапасы жақсарады.

Өз сөзінде Амандық Баталов жол мәселесіне де тоқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық"», «Күрті – Бурылбайтал», «Ұзынағаш-Отар»" көлік жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында барлық стандарттарға сай келетін шамамен 1526 шақырым тамаша жолдар іске қосылады, бұл облыстың транзиттік әлеуетінің одан әрі ұлғаюына жағдай жасайды.

«Жергілікті маңызы бар және ауыл ішілік жолдардың да сапасы төмен болмауы тиіс. Жергілікті маңыздағы жолдардың қазір 81% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылы бұл көрсеткіш 84 пайызға жетеді, облыстық және аудандық маңыздағы 492 шақырым жолдар, сондай-ақ 108 елді мекеннің ауыл іші жолдары жөнделеді», - деді облыс әкімі.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Что вы думаете?