Войти через

  • 15:45:50
  • 31°C

Четверг, 02 июля$ 405.66  € 454.7  ₽ 5.71

Алматы облысының үздік мемлекеттік қызметшісі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ағымдағы жылдың 22 мамыры мен 22 маусымы аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жыл сайынғы "Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі - 2020" байқауы өткізіледі, деп хабарлайды Tinfo.kz.

І кезең өңірлік деңгейде өткізіледі және бірнеше кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, рұқсат алу, «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы басылған мотивациялық эссе жазу, сондай-ақ бейне жауап жіберу арқылы кейстік тапсырманы жасау.


Сондай-ақ, облыстың 68 мемлекеттік қызметшісі қажетті құжаттарды тапсырды. Талап етілетін критерийлер бойынша іріктеуден 47 үміткер өтті.

Бейне жауапты конкурсқа қатысушылардың 94% дайындады, 6% объективті себептермен өз жауаптарын ұсына алмады.

Маусымның 1-і мен 5-і аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ғимаратында, құрамында мемлекеттік органдардың, БАҚ, "Нұр-Отан" партиясының, блогер және басқада өкілдері бар өңірлік комиссияның отырысы өткізілуде.

Комиссия міндетіне эссені және белгілі бір критерийлер бойынша кейстік есептің шешімін бағалау кіреді. Облыс атынан республикалық ІІ кезеңге рейтингте ең көп балл жинаған 3 қатысушы жіберіледі.

 

Это может Вас заинтересовать