Войти через

  • 06:50:54
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

Алматы облысының бес спортшысы самбодан Әлем чемпионы атанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Самбо күресінен Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен жүлдемен қайтты. Бұл туралы Jetisu Media алаңында   өткен баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Оңтүстік Кореяның Чхонжу қаласында өткен жарыста ел қоржынына 4 күміс, 5 қола медаль түсті. Жалпы жарысқа 81 мемлекеттен  516-спортшы қатысқан. Бұл тізімде Алматы облысының балуандары да бар. Олар: Ерболова  Гүлнұр, Жұмабаева Динара,  Құрышбаева Ділдаш, Қуатай Арнур, Жумагереев Болатбек.

Мәселен Ділдаш Құрышбаева финалға дейін  қарсыластарын  айқын басымдылықпен жеңіп, шешуші сында Ресей спортшысына ғана жол берді. Осылайша жерлесіміз күміс жүлделі болды. Ділдаш үшін жаhандық жарыстан алған 5-ші жүлдесі. Динара Жұмабаева да ел намысын лайықты қорғай білді. Ол үшінші орыннан көрінді.

Жергілікті журналистермен кездескен ел құрамасының мүшелері жарыстан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын айтты. Спортшылардың ендігі мақсаты желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем кубогының кезеңінде топ жару.

Сонымен қатар келер жылы Түркменстан астанасы, Ашхабадта   жалауын желбірететін   дүниежүзілік бәсекеде бірінші орынды алуды көздейт.

Фото: Jetisu Media.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать